19 жастағы жігіт 4-сынып оқушысын зорламақ болған
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Талдықорғанда 19 жастағы жігіт 10 жасар қызды балабақша маңында зорламақ болған. Өтіп бара жатқандар қызды ер адамның залым әрекетінен құтқарып қалды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Деректерге сай оқиға “Күншуақ” балабақшасының маңында болған. 10 жасар қызға белгісіз азамат келіп өлтіретінін айтып қорқытқан. Содан соң шалбарын шешіп, жыныстық қатынасқа түспек болғанда өтіп бара жатқан адам байқап, көмекке келген. Кейін қыз анасына хабарласып, барлық мән-жайды айтып берген. Полицейлер ізін суытпай 19 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады.
“Қазір ол қамауға алынды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жеке құрам көтеріліп, шағын ауданның периметрі қоршалған. Іс бойынша қажет сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауында”, – делінген хабарламада.
Қаз
Рус






