"Жолаушылар тасымалы" АҚ филиалының басшысы ұсталды

311
"Жолаушылар тасымалы" АҚ филиалының басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агентігі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Жолаушылар тасымалы" АҚ филиалы - "Қала маңы тасымалы" басшыларының біріне қатысты соталды тергеп-тексеруді бастаған.

"Акционерлік қоғамы филиалының директоры 2020 жылдың қыркүйегі мен биылғы желтоқсан аралығында жолаушылар вагондарын жөндеу бойынша қызмет көрсетушінің пайдасына жасаған әрекеттері мен жалпы қамқорлығы үшін жүйелі негізде ақшалай қаражат алды деп күдіктеледі. Алынған пара сомасы 11 миллион теңгеден асады", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, 20 желтоқсанында күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынған.

Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.