Президентті жамандаған жігіт сотталып кетті

1 529

Өзбекстанның Самарқан облысында19 жастағы жігіт президентке тіл тигізгені үшін түрмеге қамалды, - деп хабарлайды  "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Іс материалдарына сәйкес, биыл жазда жас жігіт әлеуметтік желіде жарияланған "President family" деген видеоға өз пікірін жазған. Ол кезде шетелде жүрген. Ал сот сараптамасы кезінде президентке "тіл тигізу мен оның беделін түсіру" әрекеті анықталған. Соның негізінде қылмыстық іс қозғалған.

Жас жігіт таныстарының ақыл-кеңесінен кейін желідегі пікірін алып тастаған. Ал қылмыстық іс қозғалғанын естіген кезде өз еркімен елге оралуға шешім қабылдаған. Сотта ол өз кінәсін толығымен мойындады.

"Сотталушы президент Шавкат Мирзиёев жүргізіп жатқан саясатқа қарсы шықпағанын, жастық пен көп нәрсені түсінбегеннен кейін президентке тіл тигізетін сөз жазғанын айтты", - делінген сот хабарламасында.


Сот шешімімен ол 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Бұдан бөлек оның желідегі парақшасы бұғатталады.

Айта кетері, бұған дейін мұндай қылмыс үшін көбіне бас бостандығын шектеу жазасы қолданылған. Ал бұл жолы кінәлі адамды түрмеге отырғызуға шешім қабылданып отыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.