"Әкімдік қызметкерлері жайылымдық жерлерді иемденіп алған" - ауыл тұрғындары
1 098
Түркістан облысына тиесілі ауыл тұрғындары жергілікті биліктен жайылымдық жер талап етуде, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Жер дауы — қазақ халқының әдет-ғұрып заңдарындағы жерге меншік құқығының бұзылуынан туатын дау. Десек те, дәстүрлі қазақ қоғамында жер тұтас елдікі, халықтікі болып саналды және мемлекеттік нышан қызметін атқарды, оның бүтіндігі саяси дербестіктің белгісі болды. Сондықтан жер тек қоныс және көші-қон нысаны ретінде ғана құқықтық айналымға түсті. Десек те, әлі күнге дейін еліміздің оңтүстік аймағында жер дауына тап болып, егіндік жер мен жайылымдық жерлерге қол жеткізе алмай жүр.
Бұл туралы Құрал Сейітханұлы өзінің Facebook желісіндегі әлеуметтік парақшасына жариялаған болатын.
Ауыл тұрғындары жергілікті билікке наразылық білдіруде. Тұрғындардың айтуынша мал жайатын ауыл аймағындағы жерлерді белді беделді әкімдік қызметкерлері мен кәсіпкерлер иемденген. Алайда, адасып кеткен мал үшін айыппұл төлеп мезі болған тұрғындар жан айқайын жеткізіп әлек.
Тұрғындардың айтуынша, жер дауы жылдар бойына жалғасып келуде. Ал, жергілікті билік хабары болса да, қол қусырып отыр. Тіпті облыстық сотқа жазылған арыз, аудандық сотқа жолдана береді деп налыған халық. Түркістан облыс әкімдігі араласуын талап етуде.

Халықтың мал жайылымына жер қалдырмаған жемірлердің түбіне ашкөздіктері жетеді әлі. Біз неге мұншалықты рухани құлдырап, азып-тозып кеттік? Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Дарбаза елдімекенінің аумағына кіретін Тасқұдық, Сарысу, Құрықсай ауыл тұрғындарының жанайқайын өз көзіммен көріп жүрегім езіліп, жаным құлазып қайттым. Бұндай сұмдықтар біздің оңтүстік өңірде кең етек жайған, - деп жазба қалдырған.
Ауыл тұрғындары жергілікті билікке наразылық білдіруде. Тұрғындардың айтуынша мал жайатын ауыл аймағындағы жерлерді белді беделді әкімдік қызметкерлері мен кәсіпкерлер иемденген. Алайда, адасып кеткен мал үшін айыппұл төлеп мезі болған тұрғындар жан айқайын жеткізіп әлек.
Малдарымыз адасып, бұрын халық игілігінде тегін жатқан жерлерден шөп жейтін. Қазір біз жерден бір бас шөп жегені үшін айыппұл арқалап отырмыз. Төлемесіңе қоймас малымыздың мүйізін сындырып, азаптайды - дейді Сарысу ауылының тұрғыны Бекембирова Жұмакүл.
700 гектар жерді бүгінгі Жер комитетінің басшысы иемденіп отыр, ал 1000 гектарға жуық жерді 1993 жылы ауылымыздың әкімі болған адам иелік етуде. Ауылда мал шаруашылығынан басқа табыс көзі жоқ, - дейді ауыл тұрғыны Алиакбар Битемиров.