Қазақстанда базарлар саны азайып келеді

1 472

© Sputnik/Ертай СарбасовЕлімізде соңғы бес жылда базар саны 18,2% қысқарған, -  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

2024 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 626 базар тіркелген, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 18 бірлікке кем.

Қазақстанда соңғы бес жылда базар саны 18,2% қысқарған (2019 ж. – 765 бірлік). Базарлардың 69,2% қалалық жерлерде орналасқан.

Базар саны ең көп өңір:

  • Түркістан облысында – 106;
  • Ақтөбе облысында – 57;
  • Алматы облысында 56-сы тіркелген.
  • Базар саны ең аз өңір:
  • Ұлытау облысында – 7 бірлік.

Мәмілелер көлемі бойынша базарлардың 584 бөлшек, 42-сі көтерме саудамен айналысады. Сондай-ақ базардың 333-і жабық жайда орналасқан.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.