Әкімдік жеңіс алаңының жағалауын 250 млн теңгеге жөндемек

202
Оралда 500 млн теңгенің жағалауын жөндеуге тағы 250 млн теңге жұмсамақшы, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Бізде 250 млн теңгенің ақау актісі бар. Қазір жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына шарт жасастық, – деді Орал әкімінің орынбасары Мирас Мұлқай.

Жеңіс алаңының жанындағы жағалауда жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Басылым атап өткендей, жағалау 2013 жылы салынған, құрылыс жұмыстарына шамамен 500 млн теңге жұмсалған. 2016 жылы жағалау су астында қалған болатын.

Мен бұл мәселені бұған дейін де көтергем. Істі әбден зерттедім. Мердігер "Болашақ-Т" ЖШС екені белгілі болды, бірақ оның қосалқы мердігеріне бұл жұмыстарды басқа компанияға тапсыру жүктелген. Жұмыстың жартысы ақаулы болды. Содан кейін маған: “Сіз неге ілік іздейсіз? Ол жер су астында қалды ғой” деп жалтармақ болды. “Кешіріңіз, Санкт-Петерордың тұрғанына қанша болды? Ал Венеция ше? Мен оларды көзіммен көргенмін. Жүздеген жылдар өтсе де тапжылмай тұр. Ал бұл жағалауға небары 9 жыл болды деп кім айтады, бәрі үгітіліп жатыр” деп жауап бердім, - дейді қоғамдық кеңестің төрағасы Бақытжан Нұрбаев.