Қазақстанда фильмдер мемлекеттік тілде дубляждалуы мүмкін

380
Мәдениет және спорт министрлігі "Кинематография туралы" заңға өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Ол фильмнің түпнұсқасын міндетті түрде қазақ тілінде дубляждау талабына  қатысты болмақ, - деп хабарлайды Opennews.kz тілшісі Мәдениет министрлігі сайтына сілтеме жасап.


Ведомство мәліметінше, заң жобасы Үкіметте биыл қазан айында қаралмақшы. Кейін ол желтоқсанда Парламент Мәжілісінің қарауына жіберіледі.

"Қазіргі уақытта мүдделі органдар, қоғамдық ұйымдар өкілдерінен және кинематография қайраткерлерінен жасақталған жұмыс тобы құрылды. Бүгінде жұмыс тобы 10-нан астам жиналыс өткізді. Онда кинематографияның кинокомиссияларды құру тетігі, фильмдерді қазақ тіліне дубляждың өзекті мәселелері талқыға түсті. Орындалуы алдағы уақытта  қадағаланады", - делінген хабарламада.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.