Айзат Жұманованы өлтірген күйеуі 14 жылға сотталды

1 537

Фото: Видеодан скринТалдықорғанда күйеуінің қолынан қаза тапқан Айзат Жұманованың ісі бойынша үкім шығарылды. Сот оның күйеуі Айбар Жанболатты кінәлі деп танып, 14 жылға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Айзат Жұманованың күйеуі Айбар Жанболат 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оны Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша кінәлі деп таныды. Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы соттан 15 жыл жаза тағайындауды сұраған еді.

Сот жәбірленуші тараптың азаматтық талап-арызын ішінара қанағаттандырды. Үкімге сәйкес, сотталған азаматтан 20 миллион теңге моральдық зиян мен 1,7 миллион теңге адвокат қызметіне кеткен шығындарды өтеу туралы шешім шығарылды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.