Айзат Жұманованы өлтірген күйеуі 14 жылға сотталды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Талдықорғанда күйеуінің қолынан қаза тапқан Айзат Жұманованың ісі бойынша үкім шығарылды. Сот оның күйеуі Айбар Жанболатты кінәлі деп танып, 14 жылға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Айзат Жұманованың күйеуі Айбар Жанболат 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оны Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша кінәлі деп таныды. Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы соттан 15 жыл жаза тағайындауды сұраған еді.
Сот жәбірленуші тараптың азаматтық талап-арызын ішінара қанағаттандырды. Үкімге сәйкес, сотталған азаматтан 20 миллион теңге моральдық зиян мен 1,7 миллион теңге адвокат қызметіне кеткен шығындарды өтеу туралы шешім шығарылды.
Қаз
Рус






