Шетелдіктер үшін ЖСН алу жеңілдейді
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Шетел азаматтарына арналған көші-қон қызметтерін цифрландыру жұмыстары жалғасып жатыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
Енді олар жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) және басқа да мемлекеттік қызметтерді жаңа мобильді қосымша арқылы ала алады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, жаңа цифрлық қызметтерді іске қосу үшін қажетті заңнамалық түзетулер пакеті қазір Сенатта қаралып жатыр. QazETA – шетелдіктерге көші-қон және оған қатысты қызметтерді ыңғайлы, ашық әрі қауіпсіз түрде ұсынуға арналған «бір терезе» қағидаты бойынша құрылған мемлекеттік цифрлық платформа.
Қаз
Рус






