Оралда үстіне футбол қақпасы құлаған 11 жастағы бала көз жұмды
245
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Оралда 11 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға кеше кешкісін С.Датұлы көшесі, 17 мекенжайында болды.
«Балалар алаңында 2011 жылғы ұл баланың үстіне футбол қақпасы құлап кеткен. Салдарынан ашық және жабық бас-ми жарақатын алған бала сағат 22.10-да жақын маңдағы емдеу мекемесі - қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің бар күш-жігерін жұмсағанына қарамастан, бала жарты сағаттан кейін қайтыс болды», - деп хабарлады басқарма.
Қаз
Рус






