Көрнекті ақын Есенғали Раушанов өмірден өтті

426

фото: Есенғали Раушанов мұрағатынанҚазақтың аса көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушанов дүние салды.

Қаралы хабарды Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жеткізді.
 
"Қазақтың аса көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушановтан айырылып қалдық. Алла алдынан жарылқасын. Асыл рухы бейіштің төрінде шалқысын. Қосымша ақпарат кейінірек беріледі", - деді ол. 

Есенғали Раушанов 1957 жылы 5 қазанда Қарақалпақстанда Хожелы қаласында өмірге келген. 1976 — 1980 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 

Еңбек жолын Өзбекстанның Жызақ облысы Мырзашөл ауданындағы "Достық" газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып бастаған.

Әр жылдары "Жалын" журналында бөлім меңгерушісі, "Арай" журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, "Зерде" (бұрынғы "Білім және еңбек") журналының бас редакторы (1988 — 95), 1995 жылдан "Жазушы" баспасының директоры қызметтерін атқарды. 

Алғашқы жыр жинағы "Бастау" деген атпен 1980 жылында жарық көрді. Кейін ұлт бостандығы, туған дала тарихы туралы жазылған.

"Келінтөбе" (1984), "Шолпан жұлдыз туғанша" (1988), "Ғайша бибі" (1991, "Aлаш" сыйлығын алды), "Қара бауыр қасқалдақ" (1995) атты жыр кітаптары жарық көрген. 

Көптеген өлеңі, поэмалары орыс, литва, украин, болгар, чех, өзбек, қырғыз тілдеріне аударылған. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.