Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталды

1 508

Желіде бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 жылы 80 жылдығында ашылған ескерткіші Астанадағы Ұлттық қорғаныс университеті аумағынан алынып тасталды деген ақпарат тарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ұлттық қорғаныс университеті ескерткіштің жойылғаны туралы ақпаратты растамады және жоққа да шығармады.


Ал Қорғаныс министрлігіне Stan.kz сұрау салған. Министрлік міндетті түрде жауап беретінін хабарлады. 


Айта кетейік, бұған дейін Астанадағы "Нұр-Сұлтан" және "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол" вокзалдарының атауы өзгертілетіні туралы жазған едік. Сондай-ақ Назарбаев қоры Алматыдағы ғимаратын президент әкімшілігіне бергенін хабарладық.


Назарбаев қорының мәліметінше, 2023 жылдың мамыр айында Алматы қаласы Ганди көшесі, 10 мекенжайында орналасқан әкімшілік ғимараты мемлекет меншігіне өтеусіз өтіп, президент істері басқармасының балансына қосылған.


Алматыдағы президент резиденциясы бұзылғаннан кейін президент әкімшілігі өкілдігі мен президент істері басқармасы қызметкерлері жаңа ғимаратқа көшіп үлгергені көрсетілген. Сондай-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмысына арналған арнайы кеңсе бар.