Енді қазақстандықтар кешіккен әуе рейстері үшін өтемақы алады
285
Енді рейсті кешіктірген қазақстандық әуе компанияларына айыппұл салынады. Тиісті норма көлік сұрақтары бойынша заң жобасына енгізілетін өзгертулердің ішінде бар,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Енді рейс кешіккен жағдайда, әуе компаниясы әр сағат үшін билет құнының 3%-ын төлеуге міндеттеледі.
"Рейстері тұрақты түрде кешігетін әуе компаниялары бар. Енді бұл оларды тәртіпке келтіреді деп үміттенеміз. Азаматтар рейс кешіккен әр сағат үшін билет құнының 3% қайтара алады. Алайда жалпы сомма билет құнынан аспауы керек", – деді депутат Альберт Рау.
Депутат Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, 2020 жылдың соңына қарай шамамен 51 мың рейстің 6 735-сі кешіккен. Яғни әрбір сегізінші ұшақ уақытында ұшпаған. 2021 жылы 68,7 рейстің 12,8-і кешікті. Депутаттар көлік мәселесін қарастыратын заңға енгізілген түзетулерді бірінші оқылымнан мақұлдады. Құжат еліміздегі көлік жүйесін жақсарту мақсатында жасалды.