Енді қазақстандықтар кешіккен әуе рейстері үшін өтемақы алады

286

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Енді рейсті кешіктірген қазақстандық әуе компанияларына айыппұл салынады. Тиісті норма көлік сұрақтары бойынша заң жобасына енгізілетін өзгертулердің ішінде бар,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz  ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.



Енді рейс кешіккен жағдайда, әуе компаниясы әр сағат үшін билет құнының  3%-ын төлеуге міндеттеледі. 


"Рейстері тұрақты түрде кешігетін әуе компаниялары бар. Енді бұл оларды тәртіпке келтіреді деп үміттенеміз. Азаматтар рейс кешіккен әр сағат үшін билет құнының 3% қайтара алады. Алайда жалпы сомма билет құнынан аспауы керек", – деді депутат Альберт Рау.

Депутат Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, 2020 жылдың соңына қарай шамамен 51 мың рейстің 6 735-сі кешіккен. Яғни әрбір сегізінші ұшақ уақытында ұшпаған. 2021 жылы 68,7 рейстің 12,8-і кешікті. Депутаттар көлік мәселесін қарастыратын заңға енгізілген түзетулерді бірінші оқылымнан мақұлдады.  Құжат еліміздегі көлік жүйесін жақсарту мақсатында жасалды.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.