Балабақша бухгалтерлері 54 млн теңге жымқырған

1 441

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: istockphoto.comАқтөбе облысы Мұғалжар ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі ұйымдарда 54 млн теңгеден астам бюджет қаражатын заңсыз иемдену деректерін анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

«Балауса», «Гүлдер», «Шапағат» және «Арай» балабақшаларының бухгалтерлері басшыларының атынан құжаттарға қол қойып, өздерінің есеп-шоттарына заңсыз ақша аударған.

Аудан прокуратурасы бухгалтерлерге қатысты ҚК-тің 189-бабының 2 және 4-бөлігіне сәйкес (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізген.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде, «Шапағат» және «Арай» балабақшаларының бухгалтерлері жалпы сомасы 5 млн теңгеден астам шығынды өтеп, қылмыстық іс тоқтатылған.

«Балауса» және «Гүлдер» балабақшаларының бухгалтері 49 млн теңге қаражатты заңсыз иемденгені үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды.


 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.