"Мантудың орнына вакцина салған": Көкшетауда оқушыға қатысты даудан соң емдеу бөлімдеріне тексеріс басталды

312
Көкшетауда 12 жастағы оқушының иығына вакцинаның орнына манту сынамасын салып жіберген, - деп хабарлайды  Opennews.kzақпарат агенттігі Stan.kz сілтеме жасап.

Осы мақсатта арнайы комиссия құрылған.

Жанжалды оқиға 15 сәуірде Көкшетауда болған. Мектеп оқушысын манту сынамасына емханаға шақырды. Бірақ білектің ортаңғы бөлігінің орнына инъекция иыққа жасалған. Қыздың қызуы көтеріліп, анасы хабар берген. Анасы жасөспірімге коронавирусқа қарсы екпе салды деп отыр. Осыдан соң облыс денсаулық сақтау басқармасы баланың жай-күйін бақылауға алды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы қанағаттанарлық.


Сондай-ақ, ведомство басшысы жергілікті емханалардың барлық процедуралық кабинеттерін тексеретін арнайы комиссия бекітілгенін хабарлады. 


Комиссия құрамына Денсаулық сақтау басқармасының, медициналық фармацевтикалық бақылау, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің департаменттерінің өкілдері кірді.


"Комиссия “Туберкулин" балаларға арналған вакцинаның көрінетін жерде тоңазытқышта сақталатынын анықтады. Балаға басқа вакцина енгізілгені расталмады", –  деді Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов.

Сондай-ақ, Ақмола облысының бас дәрігері мектеп оқушысына манту сынамасын жасаған медбике қызметтік тергеу жүргізу кезінде жұмыстан шеттетілгенін хабарлады.