Грантта оқып, міндетін өтемей жүрген түлектерге ескерту жасалды
Мемлекет есебінен грантта докторантура оқығандар тиісті мекемеде жұмыс істемесе, 4 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге мәжбүр болады. Мемлекет мұны сот арқылы өндіріп алады, – деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ислам Сұңқар еліміздегі грант негізінде білім беретін бүкіл мамандықтар бойынша грантты жұмыспен өтеу тәртібін енгізу туралы ұсыныс айтқан болатын. Ұсыныс мақұлданса, мемлекет есебінен грантта оқығандар өз мамандығы бойынша жұмыс істеуге міндеттелуі мүмкін.
Қаржы орталығының жетекші маманы Ақзира Серікқали "1001 түн" бағдарламасында көпшілікті мазалаған сұрақтарға жауап берді.
Маманның айтуынша, докторантура бойынша грантта оқыған маман үш жыл заңда белгіленген тиісті мекемеде жұмыс істеуі қажет. Егер түлек тиісті мекемеде жұмыс істемейтін болса, мемлекет тарапынан бөлінген 4 миллион теңгені сот арқылы өндіріп алады екен.
.