Қаскөйлер итті ағашқа асып, азаппен өлгенін күткен
Семейде қаскөйлер итті шынжырмен ағашқа асып қойып, жануардың азаппен өлгеніне қарап тұрған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Иттің ағашқа асылып тұрған сәтін тұрғындар байқап қалған. Oл кезде тым кеш еді.
Итті көше бойындағы өндірістік базалар маңындағы бұталардың арасындағы жерде азаптаған. Ит ағашқа байланған күйі табылған. Иттің өз бетімен босап шығуға еш мүмкіндігі болмаған. Ит аман қалуға тырысқан. Оны ағаштың жұлынған қабығынан байқауға болады. Оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері барған. Қазір куәгерлерден жауап алынып, оқиға куәгерлері іздестіріліп жатыр. Жедел топтар жақын маңдағы бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.