Жеке үйін әскерилерге салдырған ТЖ бұрынғы вице-министрі сотталды

1 558

Фото: primeminister.kzТөтенше жағдайлар бірінші вице-министрі болған Ибрагим Күлшімбаев бес жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл шешімді Ақмола гарнизонының әскери соты шығарды.



"Ол өзінің жеке үйін салу үшін әскери қызметшілер мен арнайы техниканы тартып, ТЖМ ведомстволық бағынысты мекемелерінің басшылығына заңсыз нұсқаулар беру арқылы билікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – деп хабарлады Антикор. 


Сонымен қатар сот президенттің атына Күлшімбаевты генерал-майор әскери атағынан айыру ұсынысын енгізу жөнінде қаулы шығарды.