Cу қоймасында екі жасөспірім құтқарылды

1 742

Фото: istockphoto.comҚонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасында жағадан алысқа жүзіп кеткен екі жасөспірім құтқарылды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Құтқарушылар жетінші қалалық жағажай маңындағы жағалау аймағын патрульдеу кезінде суда қауіпсіз аймақтан тыс жүзіп кетіп, өз бетімен орала алмаған жасөспірімдерді көрді.

2012 және 2009 жылы туған кәмелетке толмаған балаларды Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері құтқару техникасы мен су көлігінің көмегімен жағаға алып шықты.

Балаларға медициналық көмек қажет болмады.

Төтенше жағдайлар министрлігі ескертеді:

  • балаларды су жағасында қараусыз қалдырмаңыз;
  • қайықта, катамаранда және SUP-доскада серуендегенде құтқару желетін киіңіз;
  • ауа райы мен желдің күшіне назар аударыңыз.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.