ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ӨЗ ДЕПУТАТТАРЫН ТАНЫМАЙТЫНДАРЫН АЙТУДА
Қызылордалықтар қалалық тіпті аудандық, облыстық мәслихат депутаттарын танымайтындықтарын айтуда, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Мәслихат депутаттары тұрғындармен белсенді жұмыс жасауы керек десек, «атқа мінер азаматтарымыздың халық сенімін ақтап, алға қойған міндеттерін тисінше атқарып жүр ме?» деген сауал туады.
Бүгінде Қызылорда облысындағы депутаттардың жалпы саны 55 адам. Оның ішінде облыстық мәслихат депутаттарының саны 33 болса, қалалық халық қалаулыларының саны 22–ні құрап отыр.
Көңіл қынжылтарлығы қала тұрғындары «аймақ жанашырларын» танымайтындығы болып отыр. Шындығында облыс, қала, тіпті аудан көлемінде мәслихат депутаттарының кім екендігінен бейхабар қала тұрғындары да бар.
Сонымен қатар, Төретам ауылы тұрғыны Мәжіліс депутаты Ғалым Әміреев пен кездесуінде аудандық және облыстық мәслихат депутаттарының дұрыс жұмыс жасамайтындығын айтып, шағым білдірген болатын.
Мысалға қалалық мәслихат депутаты Айнұр Шорабекқызы өзінің Facebook парақшасында Эдельвейс саяжайындағы тұрғындармен кездесуін жариялаған болатын. Десе де, саяжай тұрғындары санаулы болғаны ма? 4 саяжай тұрғынымен кездескен фотосын кезіктіруге болады.
Ал, басқа да саяжай тұрғындары депутат ханымның келетіндігінен бейхабар болып шықты.
Халықтың қалауы мен қажетіне құлақ түрер депутаттардың абыройына шаң түспесе дейміз. Дегенмен сайлау кезінде ғана тірілетін белсенді депутаттар қатары да азаяр емес.