3 мың қазақстандық бір айға әскерге шақырылады
Қорғаныс министрі 2026 жылы жоспарлы оқу-жаттығу жиындарына запастағы 3 мың әскери міндетті азамат тартылады деп бұйрық берген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқу-жаттығу жиындары запастағы әскери міндеттілердің даярлық деңгейін сақтау және жетілдіру, практикалық дағдыларын жаңарту, заманауи қару-жарақ пен әскери техниканы меңгерту, сондай-ақ Қарулы күштердің жұмылдыру дайындығын нығайту үшін өткізіледі.
Ведомство азаматтарды оқу-жаттығу жиындарына шақырту негізінде жүзеге асырылатынын түсіндірген.
Сондай-ақ министрлік заңнамада оқу-жаттығу жиындарына тартылмайтын азаматтардың кімдер екенін атап өткен.
Оқу-жаттығу жиындарынан босатылғандар:
Оқу жылы кезінде педагогтер;
Күндізгі бөлімде білім алып жүрген студенттер;
Кәмелетке толмаған үш және одан да көп баласы бар ата-аналар;
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңында көзделген өзге де санаттағы азаматтар.







