17 шілдеде елімізде теледидар мен радио жұмыс істемейді
1 557
Сәрсенбі, 17 шілде күні Қазақстанның барлық аумағында теле-радио арналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады. Мұның себебін "Қазтелерадио" АҚ түсіндірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
"Қазтелерадио" АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
"2024 жылдың 17 шілде айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз", - делінген хабарламада.