Қылмысқа қатысы бар дәлелдерді ұрлаған полицей сотталды

1 429

Фото: Тұрар ҚазанғаповПолиция қызметкері заттай дәлелдемелерді ұрлағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жетісу облысының арнайы прокурорлары Текелі қаласының учаскелік полиция инспекторына қатысты істі аяқтады.

2017 жылдың наурыз айында лауазымды тұлға бір топ адамдармен 24 миллион теңге көлеміндегі ұрлыққа қатысты қылмыстық іс аясындағы заттай дәлелдемелерді ұрлаған.

Қылмыс жасағаннан кейін полиция қызметкері 7 жыл бойы халықаралық іздеуде болды.

Оның сыбайластары әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сот полиция қызметкерін ҚР ҚК-нің 362-бабына сәйкес (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану) кінәлі деп тауып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Сот үкімі күшіне енді.  



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.