Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің ант беру мәтіні өзгереді
Мемлекеттік қызметшілердің ант беру мәтіні өзгертіледі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде 2024 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша өткен алқа отырысында агенттік төрағасы Дархан Жазықбай мәлімдеді.
Ол алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілердің ант беру мәтінін жетілдіру бойынша тиісті жұмыстар атқарылатынын айтты.
Алқа отырысында мемлекеттік қызмет саласын бақылау жұмысында алдын алу шараларына, азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқығын қорғауға баса назар аударылатыны айтылды.
Қаз
Рус






