Белгісіз біреулер 21 жастағы жігіттің арқасынан атып, оқиға орнынан қашып кеткен

1 528

Фото: ©BAQ.KZ АРХИВІ/ЖИШығыс Қазақстан облысында жас жігітті атып, оқиға орнынан қашып кеткен,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  BAQ.KZ. сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 8-ші сәуірге қараған түні Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында болған. Белгісіз біреулер 21 жастағы жігіттің арқасынан атып, оқиға орнынан қашып кеткен.21 жастағы жігіт жансақтау бөлімінде жатыр.

8 сәуір күні Зайсан ауданының Полиция бөлімі тарапынан адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлайды. Екі күдікті жедел түрде анықталып, ұсталды. Қылмыс қаруы тәркіленді. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын толық, объективті және жан-жақты зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.