Орманнан әйелдің мәйіті табылды

431

Орал маңындағы орманнан әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі. 


Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі полиция марқұмның жеке басы мен өлім себебін анықтап жатыр.

"15 қыркүйекте түскі екі шамасында Ветелки ауылының жанындағы орман алқабынан әйелдің денесі табылды. Мәйіт марқұмның жеке басын және қайтыс болу себептерін анықтау үшін сот-медициналық сараптамаға жіберілді", – деп хабарлады полиция.


Аталған дерекке байланысты қылмыстық кодекстің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.





 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.