МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР ЖҰДЫРЫҚ АЛА ЖҮГІРДІ МЕ? ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ОРЫН АЛҒАН ЖАҒДАЙ

5 681

kp.uaҚызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің аппарат басшысы бөлім басшыларын жұдырықтағаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы «Opennews.kz» ақпарат агенттігі экс баспасөз хатшысының жазбасын негізге ала отырып хабарлайды.


Сырдария ауданының экс баспасөз хатшысы Майя Қожабай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында әкімдікте орын алған жағдайды баяндаған. Оның жазбасында:

«Сырдария Ауданының Әкімдігі Аппарат басшысы хулигандық жасап, енді өз еркімен орнын босатпақшы ма?Шайхиев елдің миын шайқалтып, құрылыс бөлімінің басшысының быт-шытын шығарыпты-мыс. Бетімен кеткен мемлекеттік қызметкерлеріңіз неге елді ұрып-соғып, неге өз еркімен шығу керек Берік Сәрменбаев?! Біле білсеңіздер, Шайхиев осы аудандағы мемлекеттік қызметкерлердің тәртібіне жауапты адам. Балық басынан шіриді дейді халық. Іріген шіреген жүйеде осындай тәртіпсіз, безпридел адамдар жүредінің кері болған екен», - делінген жазбада.


Автордың айтуынша, ауданның ардагерлер кеңесі мен Қоғамдық кеңес төрағасы 30-ға жуық ардагер азаматын жинап, Достық үйінде аудан әкімін шақырып, осы мәселе төңірегінде жиын өткізген. Жиында аппарат басшысын орнынан алмаса, аудан ардагерлері облыс әкіміне барамыз деп талап қойғанын атап өткен.


Бұл жарияланымға қатысты Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті ресми мәлімдеме жасады. Олардың айтуынша,

 «Аталған жарияланымға қатысты ақпараттық елеу жасалып, қызметтік тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізу үшін Сырдария ауданының әкіміне және Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкіліне хат жолданды. Қабылданған шешім жөнінде Сізге қосымша хабарланатын болады».



Алайда, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Нұржан Бисембаев бұл мәліметті жоққа шығарды. Оның айтуынша, 

«Сіз айтқан ақпарат шындыққа жанаспайтынын, аудан әкімі аппараты басшысымен арамызда ешқандай ұрып-соғу орын алмағанын, бұл жалған ақпарат екенін назарларыңызға жеткіземін», - деп жазды.



Бұл оқиға қоғамда үлкен талқылауға түсіп, мемлекеттік қызметкерлердің тәртібі мен әдебі мәселесін қайта көтерді. Аталған оқиғаның шынайылығын анықтау үшін қосымша тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қоғамдық резонанс тудырған бұл жағдайға қатысты қабылданатын шешімдер мен нәтижелер қосымша хабарланатын болады.


Сонымен қатар, Қызылорда облысында Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының басшысының бейәдеп аудиожазбасына байланысты да журналистік материал жазған болатынбыз. Ал бейресми ақпарат бойынша тағы бір аудан әкімінің аппарат басшысы ішімдікке сылқия тойып заңсыз көлік басқарып, қазіргі таңда қамауда жатыр деген ақпарат тарауда. Оның анық-қанығы туралы алдағы уақытта зерделеп жазатын боламыз.


Бұл оқиғалар мемлекеттік қызметкерлердің әдебі мен тәртібі мәселелерін қайта қарау қажеттілігін көрсетіп отыр. Әрбір жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырады және мұқият тергеуді талап етеді. Алдағы уақытта бұл мәселелер бойынша қосымша ақпараттар мен нәтижелерді назарларыңызға ұсынатын боламыз.