Жүкті әйел перзентханада өз-өзіне қол жұмсап көз жұмды
Жамбыл облысында 33 жастағы жүкті келіншек перзентханада қайтыс болды. Сарысу ауданының тұрғыны өз-өзіне қол жұмсаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар аталған фактіні растады. Оқиға 10 сәуір күні Тараз қаласындағы облыстық перинаталдық орталығында болған.
Келіншек жалған толғақ диагнозымен перинаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауында болған. Аяғы ауыр әйелде психологиялық ауытқулар байқалмаған.
Полиция департаментіндегілер аталған факті бойынша кешенді сараптама тағайындалғанын, жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.
Марқұм келіншек жүктіліктің 16-шы аптасында болған. Оның артында жолдасы және 3 баласы қалды. Балаларының үлкені 6-да, екеуі балабақша жасында.