Қыздың киімі деп, артынан 12 тон әкелген видео көпшіліктің талқысына түсті

763

Қыздың артынан 12 қымбат тон әкелгендердің видеосы желіде пайда болды. Видеоны көрген жұрт қызу талқылай бастады- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қазақ қызы тұрмысқа шыққанда артынан төсек-орны мен дүниесін алып барады. Алайда қазіргі төсек-орын күннен күнге жарыс болып бара жатқандай. Желіде қыздың артынан 12 қымбат тон әкелгендердің видеосы желдей есті. Бірі мұны ысырапшылық десе, бірі құр мақтан деп ашуланды. Енді бірі әркім көрпеге қарай көсіледі деп ақтады. 

“Қыздың жасауын көрсетейік. Мынау – қызыл тон, мынау  – қара тон. 12 жағалы киім. Әрқайсысын жарқырап киіп жүреді. Заманға сай, қазіргі сәндегі тондар”, – деді таныстырушы. 



Одан бөлек бас киімдерін, өзге де дүние-мүлкін таныстырды. 

Мұндай құр ысырапшылықтың не керегі бар?”, “Қазір бәрі жарыс болып кетті”, “Ысырап жақсы нәрсе емес”, “Шамасы келсе, ала берсін”, “Қандай күшті, 12 айда 12 тон кие ме?”, “Бұл жарыс па?”, “Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар”, ”Байлар не істерін білмей жүр”, “Қазақ бұрын бай болған, әр қызына осылай жасау жасаған”- деді желі қолданушылары.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.