Аir Astana қызметкерлері жалақыларын көбейтуді сұрап, митингке шықпақ
281
Қазақстандық Air Astana әуекомпаниясы қызметкерлері не себепті наразы болғандарын түсіндірді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Қызметкерлер жалақының өте аз мөлшерде өсуіне наразы болып, азық-түлік сатып алу үшін несие алуға мәжбүр болып жүргендерін айтты. Бұған дейін КазТАГ агенттігі әуекомпания қызметкерлерінің арасында пайда болған наразылық жайлы айтқан.
Жұмысшылар митингке шығуға дайын екендіктерін айтқан.
"Air Astana компаниялар тобы соңғы екі жыл ішінде пандемияға қарамастан, қаржылық тұрақтылықты сақтау және жұмыс орындарын сақтау үшін бар күшін салуда. Air Astana осы саладағы көптеген компаниялармен салыстырғанда қызметкерлердің қысқаруына жол бермеді", – деп мәлімдеді әуе компаниясы.
Сондай-ақ, компания тасымалдаушы өткен жылы ойлағаннан тез қалпына келді, алайда сол кезең инфляциямен тұспа-тұс келгенін мәлімдеді.
"Бұл екі фактор кейбір қызметкерлер тарапынан жалақыларына қатысты наразылыққа алып келді. Осыны ескере отырып, әуе компания өткен жылдың шілдесінен бастап қызметкерлердің жалақысын қалыпқа келтіруге тырысуды. Бортсеріктердің, жердегі қызмет агенттерінің және клининг қызметкерлерінің жалақысы қайта қаралды", – деп хабарлады баспасөз қызметінде.
Қазіргі уақытта жолаушыларды ақпараттандыру және қызмет көрсету орталығының механиктері мен агенттерінің жалақысы қайта қаралуда.
Былтырғы жақсы нәтижелердің арқасында барлық қызметкерлерге 25 ақпанға дейін компания есебінен бонус төленеді.
Өз кезегінде компания барлық даулы мәселелер кәсіподақтардың қатысуымен келіссөздер арқылы шешілетінін айтты.