Заңсыз берілген 46 пәтер мемлекетке қайтарылды

332
Талдықорғанда заңсыз берілген 46 пәтерді әкімдік өз меншігіне қайтарып алды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Одан бөлек 147 пәтерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті қандай жолмен берілгенін тексеріп жатыр.

Мемлекет меншігіне қайтарылған 46 пәтер қазір кезекте тұрғандарға үйлестіріліп жатыр. Оның 18-і кезекте тұрған әлеуметтік осал топтарға, 12-і түрлі мемлекеттік қызметте істейтін қызметшілерге қызметтік пәтер ретінде берілді. Ал одан бөлек 147 пәтердің қандай жолмен берілгенін антикор тексеруде,- 


Ведомство өкілінің айтуынша, 2013-2021 жылдар аралығында 1026 пәтер заңсыз берілген. Одан бөлек 669 пәтер әлеуметтік осал топтарға, ал 357 пәтер бюджет пен мемлекет қызметкерлеріне берілген.

669 пәтер иесінің 545-і өзінің осал топқа жататынын дәлелдейтін құжаттарын әкелді. Жұмыстар жалғасуда,- деді Мади Шакенов.

Қазір облыс орталығында 180 мың халық бар. Ал, баспана кезегінде 14 900 адам тұр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.