Елімізде қандай көлікке тиым салынғаны белгілі болды
"Shacman" деп аталатын қытайлық жүк көлігі енді елімізде жүрмейді, - хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
"Shacman" секілді ауыр көлік жолдың шұрық-тесігін шығарып, сапасын құртады. Ал ақылы жолға төленетін ақша бұл шығынды өтемейтін көрінеді. Министрлік шектеу 2026 жылы енгізілетінін айтты. Алдағы уақытта Елордаға кіріп шығатын жолдардың барлығына 220 камера қойылмақ. Ол автоматты түрде техникалардың салмағын өлшейді. Егер тиісті мөлшерден артық жүк болса бірден айыппұл салынады.
Қаз
Рус






