Елімізде қандай көлікке тиым салынғаны белгілі болды

1 593

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ашық дерек көзі"Shacman" деп аталатын қытайлық жүк көлігі енді елімізде жүрмейді, - хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



 "Shacman" секілді ауыр көлік жолдың шұрық-тесігін шығарып, сапасын құртады. Ал ақылы жолға төленетін ақша бұл шығынды өтемейтін көрінеді. Министрлік шектеу 2026 жылы енгізілетінін айтты. Алдағы уақытта Елордаға кіріп шығатын жолдардың барлығына 220 камера қойылмақ. Ол автоматты түрде техникалардың салмағын өлшейді. Егер тиісті мөлшерден артық жүк болса бірден айыппұл салынады.



"Жолдың сапасын құртатын жүк көліктерінің көбі "Shacman". Басқа елдердің бәрінде бұл техника тек карьерде жүреді. Бізде ғана магистральды жолдарда жүруге рұқсат етілген. Шектеуді биыл қоямыз дегенбіз. Бірақ кәсіпкерлердің де жағдайын ойлаған дұрыс. Қазір елімізге дәл осы техника ағылып келіп жатыр. Батыс Қазақстан облысына барсаңыз жаңа жолдардың өзі ойылып кеткен. Ал бұл жолдарды салуға бюджеттен қыруар қаржы жұмсалды",- деп мәлімдеді ҚР көлік министрі Марат Қарабаев. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.