Жамбыл облысындағы жарылыста зардап шеккен әскери қайтыс болды
320
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасындағы жарылыстар салдарынан тағы бір әскери қайтыс болды, - деп хабарлайды Opennews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.
Ол оқ-дәрілерді сақтау бөлімінің бастығы лауазымын атқарған. Ол қоймадағы өртті сөндіруге кіріскен алғашқылардың бірі болған.

"2021 жылғы 7 қыркүйекте Тараз қалалық ауруханасында 26 тамызда Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасында болған өртті сөндіру кезінде алған жарақаттарының салдарынан 28349 әскери бөлімінің әскери қызметкері 1983 жылы туған, капитан Ерлан Рысқұлбекұлы Қырғызәлиев қайтыс болды", - делінген хабарламада.
Ол оқ-дәрілерді сақтау бөлімінің бастығы лауазымын атқарған. Ол қоймадағы өртті сөндіруге кіріскен алғашқылардың бірі болған.

Қаз
Рус






