Шенеунік әйел туысымен бірге 50 жүкті әйелдің атын жамалып, 200 млн теңге тапқан

1 535

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: видеодан скриншотҚаржы мониторинг агенттігінің Павлодар облысындағы департаменті жүкті әйелдерді тек қағаз жүзінде ғана жұмысқа орналастырып, сол арқылы декреттік демалысқа берілетін ақшаны қалтаға басқан екі әйелді анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық бөлімінің басшысы туысын «іске» араластыра отырып, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы әйелдерді жалған жұмысқа орналастырған. Бухгалтер аталған ЭЦҚ-ларды иелерінің рұқсатынсыз пайдаланып, жалған жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтарды, еңбек қатынастары заңды түрде рәсімделгендей көрінетін өзге де құжаттарды дайындаған», - деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметі.

Бұдан өзге, олар бірнеше таныс адам тартып, оларға жүкті әйелдерді табуды тапсырған. Сондай-ақ, әйелдерді алдап, бұндай схема заңды екеніне сендірген.

«Ұсынылған жалған деректер негізінде уәкілетті органдарда жәрдемақылар тағайындалған. Алынған қаражат кейіннен схеманың қатысушылары арасында бөлінген. Нәтижесінде 13 жеке кәсіпкердің атынан 50-ден астам жүкті әйелге 6 млн теңгеге дейін өсірілген жәрдемақылар төленген. Мемлекетке 200 млн теңге залал келген. Сот санкциясымен күдіктілердің 3 автокөлігіне арест қойылды», - деп хабарлайды ҚМА.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.