Кентауда жылу электр орталығында төрт қазандық өшіп қалды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Кентауда жылу электр орталығындағы төрт қазандық түгел өшіп қалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Энергетика министрлігінің хабарлауынша, 13 желтоқсан күні сағат 20:16-да ЖЭО-да электр жүйесіне қосылатын электр беру желілері істен шыққан кезде төрт қазандық та өшіп қалған. Сағат 20.34-те режим қалпына келтірілді.
Сондай-ақ басқарма жылу электр орталығындағы № 5, 6, 7, 12 қазандықтардың жөндеу жұмыстары аяқталғанын хабарлады.
Қаз
Рус






