Қызылордада 6 жасар егіз қыздарды зорлаған адам қамаудан босатылды

1 383

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: yandex.kzҚызылорда соты алты жасар екі қызға қатысты зорлық-зомбылық жасаған ер адамды қылмыстық жауапкершіліктен босатып, мәжбүрлеп емдеуге жіберді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарлауынша, сотталушыға қатысты қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды.

"Ақыл-есі кем азаматтың екі жас қызға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны анықталды. Оған екі бап бойынша айып тағылды: Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі бойынша (Кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық), Қылмыстық кодекстің 124-бабының 1-бөлігі бойынша (Жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау)", - делінген хабарламада. 

Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, сарапшылардың қорытындыларымен, куәлардың айғақтарымен толық дәлелденді.

"Сот шешімімен сотталушы ақыл-есі дұрыс еместігіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Сот Қылмыстық кодекстің 16-бабында (Есi дұрыс еместiк) көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданды", - делінген хабарламада. 


Қаулы заңды күшіне енген жоқ.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.