СОЛ ЖАҒАЛАУДА 7 ҚАБАТТЫ ҮЙЛЕР БОЙ КӨТЕРЕДІ

193
Қызылорданың сол жағалауында 7 қабатты тұрғын үй бой көтермек,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сырдария өзенінің сол жағалауында 7 қабатты 6 тұрғын үй бой көтереді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен көшпелі брифингте БАҚ өкілдеріне қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Әнуар Айдын баяндап берді.

"Бүгінгі таңда 1 тұрғын үйдің конкурсын «Аман Құрылыс» ЖШС-і жеңіп, құрылысын бастап кетті. Қалған үйлердің конкурс нәтижесі сәуір айында белгілі болады. Жалпы саны 504 пәтер болатын үйлер заманауи талапқа сай. Әрбір үйде лифт қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ тұрғын үйлер сейсмикалық талаптарға толық сәйкес келеді. Аймақ басшысының тікелей қолдауымен жоба келер жылы қолданысқа беріледі деп күтілуде.", - деді Айдын Серікұлы.

Жаңа құрылыстар сейсмикалық төзімділікті ескере отырып және барлық заманауи стандарттарға сәйкес, оның ішінде, халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қолжетімділігі мен өмір сүруінің ыңғайлылығын назарға ала отырып жобаланған. Жаңа тұрғын үйлерден басқа, аумақтарда халыққа қызмет көрсету, әлеуметтік нысандар салынады, жаңа желілер тартылады және қоғамдық кеңістіктер пайда болады. Құрылысты қаржыландыруды жеке инвесторлар жүзеге асырады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.