СОТТАЛҒАНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ - МАҢЫЗДЫ ІС

487
ЗК-169/5 мекемесінде ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Жүніс Әбдіқайыровтың төрағалық етуімен кеңес өткізіліп, оған РМК «Еңбек-Қызылорда» филиалының және 5547 әскери бөлімінің басшылары мен жеке кәсіпкерлер қатысты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат  агенттігі.

Басқосу барысында сотталғандарды жұмыспен қамту, мекеменің өндірістік аймағындағы ғимараттарды пайдаланып, жаңа жұмыс орындарын ашу жайы талқыланды. Сонымен қатар нысандардағы техникалық қауіпсіздік, санитарлық талаптардың сақталуы, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері сондай-ақ, бүгінге дейінгі атқарылған жұмыстар пысықталды. 

-    Сотталғандарды толық жұмыспен қамту арқылы олардың мемлекет алдындағы шығынын өтеуге көмектесеміз. Бұл жеке кәсіпкерлер үшін де тиімді. Себебі, тегін ғимарат, дайын жұмыскерлерді пайдаланып өз кәсібін дамытуға мүмкіндіктері бар. Осы мәселе кәсіпкерлерге дұрыс түсіндірілу керек,- деді ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Жүніс Әбдіқайыров.


Кеңес соңында жиналғандар бірауыздан өндірістік аймақтағы жұмыс қарқынын дамытуға ұйғарым жасасты.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.