Қызылорда облысында тәртіпсіздіктерге қатысқандар жазаланды
417

Сот баспасөз қызметі мәліметінше, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 28 іс қаралған. Іс бойынша сот 15 тәулікке қамау түрінде жаза тағайындағаны аталды. Сондай-ақ, бір сотталушы митингіге қатысқаны үшін бес тәулік қамауға алынған, тағы бір сотталушыға жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін 30 АЕК айыппұл салынған.
Сондай-ақ, сот ғимараттары жаппай тәртіпсіздік кезінде қирағанына байланысты кейбір соттар жаңа мекенжай бойынша уақытша жұмыс істейді: Қызылорда облысы бойынша сот әкімшісі Қорқыт ата атындағы ҚМУ бас ғимаратында орналасқан, Қызылорда облысының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Тасбөгет кенті Шукуров көшесі, 9 мекенжайында орналасқан, ал басқа соттар бұрынғы мекенжайлары бойынша жұмысын жалғастырады.