Мектеп пен әкімшілік ғимаратының шатырын жел ұшырып әкетті

1 066
Павлодарда мектеп пен әкімшілік ғимаратының шатырын жел жұлып әкетті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.


Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ.

8 наурыз күнгі жылдамдығы 27 м/с дейінгі екпінді желдің салдарынан 2 елді мекенде шатырдың құлауы орын алған.

Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылындағы мектептің шатыры ішінара бұзылып, 51 ш. м. көлемдегі шатырын жел ұшырып кеткен.

Сонымен қатар, Павлодар қаласы Катаев көшесі 18 мекенжайындағы 4 қабатты әкімшілік ғимараттың 1440 шаршы метр көлемінде шатыры құлаған.

Бұнда шатырдың соңғы жөндеу жұмыстары 1980 жылы жүргізілген. 2022 жылғы жөндеу жұмысы аяқталмаған, - деді департаментте.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.