Комада жатқан науқас 35 күннен есін жиған
31 жастағы ер адам мотоциклмен болған ауыр апатынан кейін өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірі үшін 35 күн бойы күресті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Науқасқа бірнеше күрделі операция жасалған. Араға бір айдан астам уақыт өткен соң, науқас есін жиған. Қазір оның жағдайы біртіндеп тұрақталып келеді. Науқас өз бетінше тамақ іші бастаған.
Сонымен қатар науқаста кеуде қуысының жабық жарақаты, сол жақтағы I, II және III қабырғалардың ығысуынсыз сынуы, сол жақ бұғана сүйегі денесінің ығысумен жабық ұсақталған сынуы, өкпеден соққы алғаны және мидың ісінуі анықталған. Дәрігерлер науқасқа бас сүйек трепанациясы жасалып, сол жақ бүйір аймақтағы өткір эпидуральді гематома алынғанын айтқан.







