Комада жатқан науқас 35 күннен есін жиған

1 514

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:© Ru.freepik.com31 жастағы ер адам мотоциклмен болған ауыр апатынан кейін өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірі үшін 35 күн бойы күресті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Науқасқа бірнеше күрделі операция жасалған. Араға бір айдан астам уақыт өткен соң, науқас есін жиған. Қазір оның жағдайы біртіндеп тұрақталып келеді. Науқас өз бетінше тамақ іші бастаған.

“Науқас ұзақ уақыт бойы ауыр жағдайда жатты. Ол өмір мен өлімнің арасында жатты”, – деді мамандар.
“Науқас ауыр дәрежелі жабық және ашық бас ми жарақатын алған. Сондай-ақ миы шайқалған. Сонымен қатар сол жақ маңдай-бүйір-бүйіршік сүйектерінің сызықтық сынуы, бас сүйектің негізіне дейін созылғаны тіркелген. Оң жақ самай және сол жақ төбе-самай аймақтарында жедел эпидуралды гематома, сонымен қатар сол жақ маңдай және төбе аймақтарында, ми жартышарлары арасындағы саңылауда және мишық шатыры бойында жедел субдуралды гематома тіркелді”, – дейді дәрігерлер.

Сонымен қатар науқаста кеуде қуысының жабық жарақаты, сол жақтағы I, II және III қабырғалардың ығысуынсыз сынуы, сол жақ бұғана сүйегі денесінің ығысумен жабық ұсақталған сынуы, өкпеден соққы алғаны және мидың ісінуі анықталған. Дәрігерлер науқасқа бас сүйек трепанациясы жасалып, сол жақ бүйір аймақтағы өткір эпидуральді гематома алынғанын айтқан.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.