АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛУШЫЛАР ТИІСТІ ТОПТАМАМЕН ҚАМТЫЛУДА
Бүгінде облыс бойынша табысына қарамастан мемлекеттік жәрдемақымен қамтамасыз етілген 32 мыңға жуық көпбалалы отбасы бар, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар, 2020 жылы өзгерген жаңа тәсіл бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушыларға да мемлекет тарапынан бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейрамбек Абдукаримов баяндады.
Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, аз қамтылған отбасыларындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 1,2 млрд теңге қаржы бөлінген. 1 тамыздағы жағдай бойынша 13 188 бала азық-түлік және гигиеналық топтамамен қамтамасыз етілген. Орта білім беру ұйымдарында білім алатын 6 539 балаға қоғамдық көлікте тегін жүруін қамтамасыз ету үшін тиісті қаражат төленген.
Қаз
Рус







