ҚАЗАЛЫДА АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЕМТИХАН АЛАҢЫ САЛЫНУДА

547

Фото: pixabay.comҚазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде автоматтандырылған электрондық емтихан алаңы салынуда. Ол үшін облыстық бюджеттен тиісті қаржысы бөлінген,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттiгi.


Азаматтар дербес жүргізуші куәліктерін алу үшін екі кезеңнен тұратын теориялық және практикалық емтихан сынақтарынан өтулері қажет.

 Үміткерлерлер теориялық емтиханды бөлім ғимаратындағы арнайы кабинетте тапсырса, практикалық емтиханды автоматтандырылған электронды автодромда тапсыруы тиіс. Автодром стандарт талаптарына сай, диспетчер кабинетімен және арнайы құрылғылармен жабдықталуға міндетті. 

Қазіргі таңда мердігер мекеме «Болашақ» ЖШС құрылыс жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Жақын күндері құрылыс жұмыстары толық аяқталып, автоматтандырылған электрондық емтихан алаңы пайдалануға беріледі.

Айта кетейік, бұған дейін аудан тұрғындары жүргізуші куәлігін алу үшін облыс орталығына барып, біршама қиындықтарға тап болатын. Енді ол олқылықтың шешімі табылатын күн алыс емес. Мұнда қазалылықтармен қатар, көршілес Арал мен Қармақшы аудандарының тұрғындары келiп, жүргізуші куәліктерiне қол жеткізе алады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.