Ақша бопсалаған журналист 5 жылға сотталды
241
Блогер әрі журналист Шымкенттегі емхананың бас дәрігерінен 500 мың теңге бопсалағаны үшін сотталды. Бұл туралы Абай аудандық соты мәлімдеді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Іс материалында көрсетілгендей, биыл сәуір айында блогер қалалық емхананың төбесіндегі мемлекеттік тудың жыртылғанын көрген. Ол бұл туралы полицияға хабарлап, содан кейін тәртіп сақшыларының бүлінген матаны қалай алып жатқанын телефонының камерасына түсіріп алған.
Артынша журналист видеоны интернетке жариялауға уәде беріп, медициналық мекеме басшылығынан ақша талап ете бастаған. Жазбаны жою үшін ол 500 мың теңге сұраған. Ақыры емхана қызметкерлері оған 300 000 теңге ұсынады. Ақшаны тапсыру кезінде күдіктіні полицейлер ұстады.
Оған бопсалау (Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігі 2-тармағы) бойынша айып тағылды. Тергеу аяқталғаннан кейін материалдар сотқа қарауға жіберілді. Абай аудандық соты ер адамды 5 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Сондай-ақ, іс материалдарынан БАҚ қызметкерінің осыған ұқсас қылмысы үшін бұрын бес жылға сотталғаны белгілі болды. Ол 2017 жылы өзін салық органдарының қызметкері ретінде көрсетіп, кәсіпкерлерге қамқорлық көрсетуге уәде беріп, ақша бопсалаған. Кейін ол шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды.