Түрмеде жайлы өмір сүретіндерде бар ма?

1 537

Фото: egemen.kzПавлодар облысындағы түзету мекемесінде жазасын өтеуші 2022–2024 жылдары абақты басшысының жанындағы кабинетте тұрып келген. Ол интернет пайдаланып, моншаға еркін барып, қызметкерлер асханасында қонақ қабылдай алған,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Тергеу мәліметінше, ҚАЖ департаментінің подполковнигі сотталушыны басқа колонияға ауыстырумен қорқытып, ақша бопсалаған. Ол сотталушыдан бірнеше рет ақша талап етіп, өзіне және жұбайына 165 мың теңгеге киім мен парфюм алдырған, сондай-ақ 500 мың теңге сұраған.

Шағым түскеннен кейін қызметкер ұсталды. Сот оны “қорқыту арқылы пара алу” бабымен 7 жылға соттады және шенінен айырды. Ал департамент басшылығына өрескел заңбұзушылықтар үшін жеке қаулы шығарылды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.