Президент кеткен бойда Парламент ғимаратында шу шықты
Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысып шыққан соң ғимаратқа бірнеше өңірден шағыммен келген азаматтар шу шығарды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Шағымы бар азаматтар отырыс өтіп жатқан кезде Парламент ғимаратына кірмек болған. Алайда оларды күзет қызметі өткізбеген.
Маңғыстау облысынан келген Светлана Асанова мәселесі жайлы былай дейді.
«Банк алдындағы менің қарызымды жабу үшін АТФ банк, Жусан банкпен қормен (?) өзара шарт қойып, 338 млн теңге мемлекеттің ақшасын алып шықты. Жай ғана алып шықты. Кез келген келісімшартта кепілдік шарты болуы керек. Қор менің мүлкімді банктен 338 млн теңгеге сатып алды. Мен алты жыл бойы бармаған жерім, баспаған тауым жоқ. Президент әкімшілігіне де, министрлерге де, қаржы министріне де жаздым. Мерекеден кейін маған хабарласамыз деген жауапты адамдар әлі хабарға шыққан жоқ. Проблемалық несие портфеліне мемлекет бөлетін қаражатты олар алып шықты. Оған қоса менің 150 млн теңгелік мүлкімді алып алды», - дейді ол.
Айтуынша, органдарға ол бірнеше рет жүгінген.
«Олар бір-біріне сілтейді. 15 адам мүгедектерім бар. Немерелерім бар. Бәріміз қаңғып далада жүрміз. Бір ғана үйім болған. Оны да тартып алды. Бір ғана үйіммен бүкіл қарызымды жабуым керек еді. Жоғары сот төрағасы болған Асановтың өзі маған «бұл заңсыздық» деп кассация берді. Бәрі дәлелдеп көрсетті. Бірақ Маңғыстау облысының соты барлық мәселені қайтадан келтіріп отыр», - дейді ол.
Ал Қарағанды облысынынан келген «Мечта 2019» ЖШС директоры Оксана Ротенберг жерінен айырылп қалғанын айтады.
«Көмектесіңіздер! Неліктен ауыл шаруашылығы саласындағы азаматтарға көмектеспейді? Біз нан өсіретін адамдармыз. Не себепті? Үкімет неге бізге осындай қатынас жасайды. Бізден рейдерлік жолмен жерімізді тартып алып жатыр. Бізден жерді тартып алған адам заңмен алаяқ екені дәлелденген. Соған қарамастан прокуратура осындай заңбұзушылықтардың бәріне көз жұмып қарап отыр. Жоғары соттан бастап облыстық соттардың бәрі де реакция білдірмейді. Сараптама бар, бәрі дәлелденген. 2000 жылы қайтыс болған адамның атынан алаяқтық жасалған. 2004 жылы оның қолы қойылған құжаттармен алысып жүрмін. Жоғарғы сот оны көрмейді», - дейді ол.
Жоғары сотқа кіре алмай жүрген адамдардың бірі атыраулық Алтын Ержанова «Біздің шенеуніктер қайда?» деген ол сот жүйесі бойынша шағымымыз бар дейді.
Шығыс Қазақстанның Риддер қаласынан келген Урсул Оспанов атты азамат «Банк центр кредит менің мүлкімді тартып алды» деп мәлімдеді.
«Заңсыз шешіммен. Барлық жерге жаздым. Жоғары сот, бас прокуратура, президент әкімшілігіне – бәріне жаздым. Бұрынғы шешімді жойдыңыздар ма – маған мүлкімді қайтарыңдар. Шешім жойылды, кәсіпорнымды бермейді», - дейді ол.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері олардың шағымын жазып алды.
Еске сала кетсек, бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өткізілді. Оған президенттен бастап бүкіл министр, жаңадан сайланған мәжіліс депутаттары мен сенаторлар қатысты.